
«Білім жолы» зияткерлік марафоны Шығыс Қазақстанға жетті. Республика бойынша бастау алған эстафетаны оШығыс өңірі де қабылдады.
Шараға Өскемен қаласы, Шемонаиха, Глубокое мен Ұлан аудандарының бүлдіршіндерінен құралған 15 команда қатысты. Балалар «Өзін-өзі тану», «Полиглот», «Логика», «Квест» және тағы басқа зияткерлік бағыттар бойынша арнайы тапсырмалар орындады. Жүктелген міндеттер әр қилы, балалардың жас ерекшеліктері мен ойлау қабілеттеріне қарай бөлінді. Осылайша, әр оқушы өзін көрсете отырып, мүмкіндіктерін сезінуге жағдай жасалды. Ұйымдастырушылардың көздегені осы. Берілген тапсырмалардың әрқайсысы шектеулі уақытта – 10 минутта атқарылды. Қорытындысы бойынша әр команда кубоктармен марапатталып, сертификаттар мен сыйлықтарға ие болды.