ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Білім гранттары тағайындалды

21:15, 11 тамыз 2017

Соңғы 5 жылда алғаш рет білім гранттарының саны артты. Өткен жылмен салыстырғанда биыл бакалавриатқа 6230 грант көбірек бөлінген.

Оны баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асанова мәлімдеді.

 Жалпы, бұл оқу жылына 37 мың 932 білім гранты бөлінді. Олардың 35 мың 082-сі 1 курсқа қабылдау гранты болса, 2850 орын Жоғары оқу орындарының даярлық курстарына берілді. Техникалық және технологиялық мамандықтарға- 13670 грант, педагогикалық мамандықтарға - 8235 , медициналық мамандықтарға - 3150 , ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтарына 2682 грант бөлінді.
Осымен білім гранттарын тағайындау жөнінде комиссия жұмысын аяқтады. Оның құрамында мемлекеттік органдардың өкілдері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ректорлар болған еді. Конкурс барысында өткен жылдардағыдай межелі бал сақталды. Яғни, Ұлттық Жоғары оқу орындарына түсу үшін 65 балл, ал өзгелеріне 50 баллдан төмен болмауы керек.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
21:49, 29 тамыз 2017
ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫ БАЛАЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...
КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ
21:28, 22 тамыз 2017
КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
Сапалы білім беру ұстаздардың басты мақсаты
21:19, 16 тамыз 2017
Сапалы білім беру ұстаздардың басты мақсаты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар