ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

13:28, 27 шілде 2020

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Семейдегі 19 білім беру мекемесінде ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қалалық білім бөлімінің ақпараты бойынша оған бюджеттен 792 млн 976 мың теңге бөлінген. Жобаға сәйкес мектептерде ішкі әрлеу жұмыстарымен қоса шатыры ауыстырылып, жылу және электр жүйелері жөнделуде. Сондай-ақ, бағдарлама аясында 172 адам жұмыспен қамтылған.

Семейдегі жалпы білім беретін № 27 орта мектептің іргетасы 1974 жылы қаланған. 46 жылдық тарихы бар білім ордасының шатыры биыл алғаш рет күрделі жөндеуден өтуде. Оған бюджеттен 68 млн теңге бөлініпті. Қазіргі таңда межелі жұмыстардың 85 пайызы аяқталған. Жобаға сәйкес, мектеп шатырының ескі жабындылары алынып, талапқа сай жаңартылуда. Сонымен қатар білім ұясының қасбеті де жөнделмек. Тағы бір атап өтерлігі, мұнда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 16 адам еңбек етуде. Қалалық білім бөлімі қызметкерлерінің атап өткеніндей, қазіргі таңда ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары бөлімге қарасты 19 мекемеде жүргізіліп жатыр. Олар қаламыздағы 18 орта білім беретін мектеп пен "Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы. Бюджеттен бөлінген қаражат білім беру нысандарының жөндеуді аса қажет ететін тұстарын қалыпқа келтіруге бағытталып отыр,- дейді білім бөліміндегілер. Валентина Шипилованың айтуынша, биыл қаламызда білім беру мекемелерін жөндеу бойынша барлығы 26 жоба әзірленген. Қазіргі таңда оның 17-і жүзеге асырылған. Қалғандары тамыз айында ортасына дейін аяқталмақ.

Тақырып бойынша материалдар

КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
13:05, 18 қыркүйек 2020
КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар