ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

Білікті маман – ел болашағы

13:42, 18 мамыр 2020

Шығыс Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының қай-қайсы болсын білікті маман даярлау жолында. Сонымен қатар, білім ордаларында оқып жатқан тек шығысқазақстандық студенттер ғана емес. Бірнеше жылдан бері облыстағы университеттер мен колледждерде «Серпін» бағдарламасы бойынша өзге облыстардың жастары да білім алуда. Бүгінгі жоғарғы сынып оқушысы ертеңгі студент. Оқу жылы аяқталуға жақын. Қазір 11-сынып оқушылары болашақ мамандығына оқуға түсуге дайындық үстінде. Сондықтан, алдағы емтихандар мен білім ордалары жайлы ақпаратты талапкерлер мен ата-аналар білуге асық. Иә, бүгінде талапкер қай оқу орнын таңдаймын десе өз еркі. Тек қажетті білімі мен балы жетсе болғаны. ШҚМУ-де мектеп түлектері мен ата-аналар үшін арнайы тікелей эфир ұйымдастырылды. Шараның мақсаты жергілікті ғана емес, өзге облыс жастарын Шығысқа оқуға шақыру. Тікелей эфирдегі жиын барысында «Серпін», нақты айтқанда «Оңтүстіктен Шығысқа» бағдарламасы жайлы айтылды. Бұл жобаның мақсаты елдің оңтүстік өңіріндегі жастарды Шығыс Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының студенті атануға шақырып, кәсіптік бағдар беру. Сондай-ақ, онлайн форматтағы отырыста ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңы сөз болды. Бұл заң өткен жылдың соңында қабылданған. Жиналғандардың айтуынша, бұл заң жобасы ұстаздардың мәртебесі мен қызметіне үлкен әсер етпек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар