ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

Балалар шығармашылығы

17:16, 13 мамыр 2020

Қазіргі карантин жағдайында барлық білім беру ұйымдарының қашықтықтағы қызметіне қарамастан, балалар шығармашылығын дамыту назардан тыс қалмады. Биылғы айтулы мерейтойларға орай бірқатар онлайн форматта шығармашылық сайыстар ұйымдастырылып, жігерлі жастардың өнері көпшілікке паш етілуде. Жақында облыстық Халифа Алтай мешітінің ұйытқы болуымен “Абай жыры - тағылым тұнығы” атты республикалық онлайн байқауы басталды. Өскемендік 9 сынып оқушысы Камила Нұрахметова сынды онлайн жарыстан шет қалмаған оқушылар саны қазір 70-тен асады. Бұл бірнеше күнде ғана байқауда бағын сынауға құлық білдіргендер. Барлығы Абай мұрасынан үзінді оқып, жеңістен үмітті. Облыстық Халифа Алтай мешітінің шығармашылық байқауы республикалық деңгейде өтуде. Қатысушылар арасында бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары, жасөспірімдер бар. Осынау өскелең өрендер бойында ізгілік пен ұлағатты өнеге қалыптастыру байқаудың басты шарты. Қатысушылар белсенділігі алғашқы сәттен-ақ байқалды. Жарыса жіберіп жатқан жазбаларды қабылдау мамырдың 19-на дейін жалғаспақ. Үздіктерді көрермендердің өзі таңдайды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар