ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

АҚЫЛДЫ РОБОТ

10:48, 29 маусым 2020

2018 жылы «Нұр Отан» партиясының бастамасымен техникалық колледж базасында ІТ орталық ашылды. Орталық мамандары мен дарынды жастар бұл жерде тың идеяларын жүзеге асыруға мүмүкіндік алды. Зор ізденіс пен ұшқырлықты талап ететін небір жобалар студенттердің дарынын шыңдай түсті. Соның арқасында бүгінде оқу орнының білім алушылары талай асуларды бағындырып, жетістікке жетуде.

Оқу орны қаладағы ғылыми орталықтар, өндіріс орындарымен тығыз қарым қатынаста. Кезекті жобаның бірі - «ВостокТехносервис» ЖШС ғылыми орталығынан келіп түсті. Жоба колледжде біліп алып жатқан студенттің дипломдық жұмысы негізінде дайындалды. Ең әуелі, робот өндірістік ортада жұмыс істейтіндіктен жоғарғы қысымға төзімді болу керек деген талап қойылған. Газарналардағы температура 60 градусты құрайды. Жоба авторы Вадимнің жетекшісі бұл роботты құрастыру кезінде біраз қиындықтар болғанын  айтты. Жоба белгіленген уақытта аяқталды. Енгізілген карантиндік шаралар кезінде Вадим  бұл жұмысты үйінде жалғастырды. Көмек қажет болған жағдайда жетекшісіне хабарласып, кеңес алып отырған. Бұдан бөлек, роботтың жоғарғы жағына камера орнатылған. Сол арқылы айналасындағы кедергілерді де еш қиындықсыз көре алады. Бастысы прототипі дайын. Робот іс қимыл жасағанда жоғары қуаттылықты қажет ететіндіктен, кейде тіпті көлікке арналған аккумулятордың да қуаты жетпей қалады. Қазір мамандар осы бағыттағы жұмысты пысықтап, жақын арада оның да шешімін табатындықтарына сенімді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар