ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ

13:38, 8 қыркүйек 2020

Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Атаулы датаға орай  Үкімет қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып жарияланды. Адамзаттық деңгейде ой толғаған ақынға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Мерейлі мерейтойға орай жоспарланған шаралар легі жалғасын табуда. Әсіресе Абай мұрасын насихаттауға айрықша көңіл бөлінуде.  Басқаны айтпай-ақ Абай Құнанбайұлының шығармалары туралы таңды таңға ұрып, сөз қозғауға болады. Оның өлеңдері мен қарасөздерінде ұлт болмысы, дүниетанымы айқын көрініс тауып, бірегей құбылыс ретінде бағалануда. Бір сөзбен айтқанда, ұлы ақынның шығармалары  қай заманда болмасын өзектілігін жоғалтпай келеді.  «Абайтану» курсын тек жоғары оқу орындарында ғана емес, балабақшадан бастап, мектептерде оқытуды кезең-кезеңімен қолға алу керек. Жасыратыны жоқ, бүгінде Абай туралы оқулықтар жоқтың қасы. Соған орай ақын туралы оқулықтар әр түрлі деңгейде оқытылуға бейімделіп жазылғаны жөн. Ол үшін Абайды толық зерделеп, ескі сарыннан арылып, жаңа бағытта жұмыс істеуіміз керек дейді ғалымдар. Абай Құнанбайұлы жарқын бейнесімен де, жалынды жырларымен де халықтың жадында мәңгі жасай берері сөзсіз.                                                          

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар