ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

30 ЖЫЛДАН КЕЙІН ЖАҢАРҒАН МЕКТЕП

14:28, 3 қыркүйек 2020

Глубокое ауданы, Быструха орта мектебі «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасының игілігін көрген нысандардың бірі. Қақаған аязда мектеп іші салқын тартып, балалар мен ұстаздардың күйісі кететін. Себебі, жылыту жүйесінің әбден тозығы жеткен. Ескі терезелерден де жел үрлеп, әбден әбігер болған мектеп ұжымы өзгерістерге өте қуанышты. Маргарита Коршак – Быструха мектебіндегі жас ұстаздардың бірі. Балалар мен мұғалімдердің қыс түсе күйісі кете бастайтынын айтады. Сыныптардың іші суық болғандықтан оқушылар өздерімен бірге орындыққа төсеніш тасуға мәжбүр. Енді жаңарған мектепте бұл қиындықтарды ұмытатындықтарына қуанышты. Ауылдың қысы қытымыр. Мұнда сынап бағанасы -35 градустан төмен түспейді.  Мектептің жылу жүйесі 36 жылдан бері жаңармаған. Жалпы осы уақыт аралығында білім ошағы ешқандай күрделі жөндеу көрмеді. Ал биыл мектептің 55 ескі терезесі жаңарып, жылу қазандықтары толықтай алмастырылды. Бұл мақсатқа «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 14 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Алмастырылған қазандықтар толығымен отандық өнім. Ескі жылу жүйесін іске қосқанда электр шығыны еселеп артатын. Ал мына жаңа құрылғы үнемді әрі сапалы. Осылайша, мектеп ұжымы мен ата-аналарды алаңдатқан мәселе биыл оң шешімін тапты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар