ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

14:15, 30 маусым 2020

Курчатов қаласында жүйелі құрылыс жұмыстары атқарылуда. Мәселен, жақында ғана тұрғындардың серуендеуіне арналған жаңа саябақ ашылды. Сондай-ақ, қаланың жағалауына абаттандыру шаралары жүргізіліп, мәдениет, білім ордалары жаңартылуда. Аталған жұмыстар «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында іске асуда.

 «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыстар елдің барлық өңірінде жүзеге асуда. Соның бірі Курчатов қаласы. Мұнда жергілікті мәдениет үйі жаңа кейіпке енбек. Өткен ғасырдың 40-50 жылдарының архитектуралық ерекшеліктері қалада әлі де сақтаулы. Дегенмен, ғимараттарға уақыт өте жөндеу жұмыстары қажет. Жобаның құны 35 млн. теңгеден асады. Оған қоса, жұмыспен қамту орталығымен келісімшартқа сәйкес бірнеше жаңа жұмыс орны ашылды. Компания өкілінің сөзінше, жұмыстар қарқынды. Жоспарға сай уақытында аяқталады деп күтілуде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
14:15, 2 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...