ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

13:49, 24 маусым 2020

Тарбағатай ауданына қарасты Ақсуат ауылында жаңа жол пайда болады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында аталған мақсатты жүзеге асыруға 85 миллион теңге қаражат қарастырылған. Ауыл ішілік жаңа жолдың құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғындар діттеген жеріне кедергісіз жете алады дейді мердігерлер.

Тарбағатай ауданындағы Ақсуат ауылында 6 мыңға жуық адам тұрады. Жылдағы аудан әкімінің есептік кездесуінде ауыл ақсақалдары жол мәселесін жиі көтеріп келді. Енді міне түйіткілді мәселенің түйіні тарқап, игілікті іс қолға алынбақ. Өткен жылы 400 миллион теңге қаражат Тарбағатай ауданының автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген.  Ол жылы жолдың тек 20 шақырымы жаңаланды. Ал Ақсуат ауылында жоспарланған жұмыс 5 маусым күні басталды. Қабанбай көшесінің жартысынан астамы бүгінгі таңда жөнделді. Құрылыс жұмыстарына 10 адам тартылған.   Мердігерлер өз кезегінде  осы айдың соңына дейін жолды ашамыз дейді. Ағымдағы жылы сондай-ақ Тарбағатай ауданындағы Қабанбай ауылының ішкі жолдарын жөндеу жоспарланған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
14:15, 2 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...