ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Жол картасы – 2020

13:50, 14 мамыр 2020

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы Шығыс Қазақстанда  қарқынды жүргізіліп келеді. Бағдарлама бойынша өңірде 3 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылған. Ал, Өскемен қаласындағы №3 мектеп-лицейінде мемлекеттік бағдарлама аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде бағдарлама аясындағы әр жоба жоспарланып, бекітілген. Мәселен, облыс орталығындағы №3 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейінде бағдарлама арқылы күрделі жөндеу жұмыстары өтуде. Мердігер мен мектеп басшылығы жұмыстың тоқтаусыз жүріп жатқанын айтады. Мектеп ішінде су құбырларын ауыстыру шаралары атқарылуда. Сонымен қатар, білім ордасының шатырын жөндеу басталып кеткен. Жұмыскерлердің сөзінше, жылдамдықпен қоса істің сапасына да баса назар аударылады. Жол картасы бағдарламасына сәйкес мектепте бес бағыт бойынша жұмыстар жүруде. Үш мердігер компания мектептің іші-сыртын толығымен жаңартпақ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар