ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ҮРЖАРДЫҢ 11 АУЫЛЫНА СУ КЕЛЕДІ

15:21, 18 қараша 2020

Мақаншы ауылының тұрғындары таза ауыз сумен қамтылады. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Үржар ауданындағы 11 ауылда  су құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұған 3 млрд тг-ге жуық қаржы қарастырылған. Қазіргі уақытта Бестерек, Көктал, Сағат ауылдарын таза сумен қамту жұмыстары толық аяқталды. Қалған 8 ауылда биыл басталған жұмыс 2021 жылы  жалғасады. Мақаншы ауылы арқылы көл жаққа қарай электр жүйесі жүргізіледі. Осылайша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының аясында  Алакөл жағалауындағы көптен бері қордаланған мәселе шешімін тапқан. Мақаншы ауылының әкімі қазіргі уақытта негізгі жұмыс аяқталуға жақын екенін айтты. Бүгінде су жүргізу желілерін тұтыну орындарына жеткізіп беру жұмыстары  ауылдағы көшелердің барлығында рет-ретімен іске асуда.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...