ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

СУ ҚҰБЫРЫ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

18:13, 24 қыркүйек 2020

Семейде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар қолға алынған. Атқарылған іс те, атқарылар шаруа да көп. Қазіргі таңда Дулатов, Байсеитов, Пристаньская көшелерінде су құбыры желілері қайта жөнделуде. Бұл көшелердегі су құбыры желілерін қайта жөндеу маусым айының соңында басталған. Тозығы жеткен құбырларды қайта қалыпқа келтіруге 460 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Бүгінде жобаға 120 жұмысшы тартылған. Оның тең жартысы жергілікті мамандар. Айта кеткен жөн, мердігер мекеме өскемендік компания. Тағы бір айта кетерлігі, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігерлер асфальттің бетке қабатын алуға мәжбүр болған. Сондықтан, айналма жол салынды. Ал, барлық құрылыс жұмыстары аяқталысымен мердігер жолды қалпына келтіруге міндетті. Су құбыры желілерінің ұзындығы 1 шақырымнан асады.  Жоспар бойынша барлық құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар