Шығыс Қазақстанда еттің бағасы 5 пайызға өскен

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов Қазақстанда ет бағасының өсіп кетуі елдегі ауа райының қолайсыздығынан болды деп мәлімдеді.

21:50, 16 ақпан 2017   144

«Меніңше, ет бағасы күрт өсті. Біріншіден, сұраныс артты, одан кейін ауа райы әсер етті. Боран болды. Көтерме базарларда ет жетіспеген кезде саудагерлер бағаны көтереді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бағаны көтермейді, көтеретін алып-сатарлар", - деді Айтуғанов Сенат депутаттарымен кездесуден кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп. Вице-министрдің сөзінше, тауық жұмыртқасына қатысты да осындай жағдай болып отыр. "Өндірушілер бағасы мен саудагерлер қоятын баға түрлі болып келеді. Жеке саудагерлер бағаны көтеріп жібереді», - дейді ол. Ал, Шығыс Қазақстанда еттің бағасы 5 пайызға өскен. Айталық, облыста  сиыр етінің орташа бағамы 1311 теңгеден 1370 теңге дейін көтерілді. Ауыл шаруашылық саласының мамандары кестеге сай, наурыз айында басталатын дәстүрлі жәрмеңкелер ет бағасын қалыпқа түсіреді деп сендіріп отыр.

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24