
Бұл «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 60 қадамында көрсетілген мақсат-міндеттердің сәтті жүзеге асуының жемісі.
Азық-түліктің тағы бір түрі - еттің де мөлшері артығымен жеткілікті. Қордағы тауарды жуырда экспортқа шығару жоспарланған.
Шығыс Қазақстан – ауыл шаруашылығы дамыған өңірлердің бірі. 2015 жылдан бері сүт шаруашылығын жандандыру жұмыстары қолға алынып, біршама жұмыстар тындырылды. Осы уақыт аралығында 7 тауарлы -сүт фермасының құрылысы аяқталып, 27-і қайта құрылды. 36 сүт қабылдау пункті ашылып, жеке сектордан қабылданатын өнім мөлшері көбейді. Бұл – өндірілетін сүттің көлемін ұлғайтты.