ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

Сауда нысандары бақылауда

15:34, 20 мамыр 2020

Аймақта адам өміріне үлкен  қатер төндіретін дертті жұқтырып алу қаупі әлі де сейілмей тұр. Сондықтан  барлық жерде  сақтық шаралары қатаң түрде сақталуы тиіс. Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары, қоғам белсенділері, «Нұр Отан» партиясы мүшелері,  полиция мен санитарлық-эпидемиялогиялық қызмет мамандары Назарбаев даңғылында орналасқан бірқатар азық-түліктік емес сауда орындары және халыққа қызмет көрсету нысандарына тексеру өткізді. Облыс орталығында ТЖ жарияланғаннан бері азық-түліктік және басқа да ірілі-ұсақты 2000-нан астам дүкендер мен халыққа қызмет көрсету орындарына тексеру жүргізілді. Бұған жауапты жергілікті құзырлы органдар тарапынан  үш мониторингтік топ құрылды. Ережеге сәйкес, әрбір сауда орталығында санитайзердің болуы, нысан ішін кесте бойынша дезинфекциялап, қызметкерлердің  қолғап киіп, маска тағуы шарт. Бұл талап азық-түліктік және азық-түліктік емес барлық сауда нысандары мен халыққа қызмет көрсету орындарына қатысты.  Облыс орталығындағы Назарбаев даңғылы бойында өткізілген тексеру барысында  азық-түліктік емес сауда орны мен  шаштаразда, маска мен қолғапсыз халыққа қызмет көрсету жағдайлары кездесті. Сақтық шараларын бұзғандарға ескерту жасалды. Құзырлы мекеме мамандары карантин режимін жеңілдеткенімен, қоғамдық орындарға барған кезде міндетті түрде сақтық талаптарын ұмытпаған абзал.

Тақырып бойынша материалдар

Семейде бірқатар кәсіпкерлік нысандар қайта жұмысын бастайды
17:53, 29 мамыр 2020
Семейде бірқатар кәсіпкерлік нысандар қайта жұмысын бастайды...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар