Премьер-Министр Өскемендегі «Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС-не барды

21:04, 17 наурыз 2017

Кәсіпорын майлы және дәнді дақылдарды өсірумен, өнімдерін өткізумен және жоғары деңгейде репродукцияланған тұқымдарды сатумен айналысады.

Сонымен қатар, мұнда ет пен сүт өндіру де жүзеге асуда. Ірі қара басы 2780 болса, жылқы саны 200. Бақытжан Сағынтаев малды ұстау және қоректендіру жағдайына басым назар аударды. Премьер-Министрге кәсіпорынның техникалық мінездемесі мен серіктестік басшылығы қолға алған модульдік сүт қабылдау пунктінің қуаттылығы туралы да ақпарат берілді.

Айта кету керек, ферма сауу залымен және сүт тасымалдау мүмкіндігі бар автоматтандырылған сауу құрылғысымен жабдықталған. Мұнда тіпті, технологиялық құрылғылармен қамтамасыз етілген сиыр қора, бұзау қора, азық цехы мен жем-шөп қоймасы, емдеу-санитарлық пункті бар. 2016 жылы мәселен, фермада 610 тоннадан астам сүт өндіріліп, өткізілген. Ал орташа есеппен алғандағы сауын сиырдың біреуі 7 мың тоннадай сүт берген.

Тақырып бойынша материалдар

ӨСКЕМЕНДЕ ТӨМЕН БАЙЫТЫЛҒАН УРАН БАНКІ АШЫЛДЫ
21:48, 29 тамыз 2017
ӨСКЕМЕНДЕ ТӨМЕН БАЙЫТЫЛҒАН УРАН БАНКІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
43 инвестициялық  жоба жүзеге асып келеді
21:38, 8 тамыз 2017
43 инвестициялық жоба жүзеге асып келеді
Толығырақ...
Шығыс Қазақстан - республикада сүт өндіру жөнінен алдыңғы қатарда
21:28, 2 тамыз 2017
Шығыс Қазақстан - республикада сүт өндіру жөнінен алдыңғы қа...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
14:45, 18 қазан 2017
Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
Толығырақ...