ШҰҒЫЛ! БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

17:56, 17 қыркүйек 2020

Мал шаруашылығы Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығының негізгі саласы. Бүгінде бұл салада өндірілетін өнімнің 60 процентін төрт түліктен және омарта, балық, марал шаруашылығының өнімдері құрап отыр. Көрсеткіштердің жақсаруына ықпал еткен 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік қолдау бағдарламасы. Аймақ ет пен сүт өндіруден ел ішінде алдыңғы орында. Соңғы жеті айда 117 мың тонна ет пен 450 мың тоннадан аса сүт өндірілген. Ірі қара саны да 5 пайызға артты. Бұл ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған кешенді жоспардың оң әсерінен дейді Ертай Қуанбаев. Соңғы бес жылда халықтан сүтті сатып алу құны 17 есеге ал, табиғи түрінде 13 есеге артқан. Биыл 153 мың тонна сүтті қайта өңдеп сүт өндіруші кәсіпорындарды 90 пайыз сүтпен қамту жоспарда бар. Айта кетейік бес жыл бұрын сүт өндіру қуаты тек 29 пайыз ғана жұмыс істеген. Нәтижесінде 22 млрд.теңгеге өндірілген өнім халықты сүт өнімдерімен қамтуға жеткіліксіз болатын. Қосымша 228 мың тонна сүт өндіріп қайта өңдеуді екі жарым есеге арттыру керек. Осы орайда сүт тауар өндіретін фермалардың санын арттыру қажет. Жоспарланған сегіз сүт тауар фермасының екеуінің құрылысы биыл бітті. Сондай-ақ төрт сүт қабылдау пункттері ашылды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар