ШҰҒЫЛ! БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

КӘСІПОРЫННЫҢ КӨМЕГІ

15:52, 1 қазан 2020

Өңіріміздегі бизнес өкілдері әлеуметтік жауапкершілікті әркез естен шығармайды. Облыстың әлеметтік мәселелеріне назар аударып, көмек көрсетіп отырады. Сөзімізге дәлел ретінде «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны» ЖШС-ін айта аламыз.  Биыл кәсіпорын індетпен күреске 126 миллион теңге бөлді. Бір қораптың соңынан екіншісі. Өскемендегі диагностикалық орталыққа жүктер бірінен соң бірі осылай жеткізіліп жатыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны» ЖШС құны 77 миллион теңгенің дәрі-дәрмектері мен ПТР тестілеуді өткізуге қажетті материалдарды алды.  Жақын арада дәрі-дәрмектер мен ПТР тестілеуді өткізуге қажетті материалдар облыстағы медициналық мекемелерге беріледі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар