ШҰҒЫЛ! СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР ЖҰМЫСЫ ТОҚТАМАЙДЫ

15:20, 26 маусым 2020

Өскеменде шектеу шаралары қайта күшейтіледі. Бұл әлбетте кәсіпкерлерге жағымды жаңалық емес. Дегенмен, барлығы тұрғындардың амандығы мен денсаулығы үшін жасалып отырған амал. Себебі соңғы мәліметтерге сәйкес 600-ден аса шығысқазақстандықта коронавирус расталған. Енді қаладағы азық-түлік сату орындары сағат 8.00ден 20.00-ге дейін, ал, тағам сатумен айналыспайтын нысандар 10.00ден 19.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Эпиджағдайдың «жақсаруы» халықтың жауапкершілігіне байланысты. Ауру үдеп, науқастар саны артып барады күннен-күнге. Шектеу шараларын қайта күшейткеннен басқа амал болмады. Алайда, дүрлігетін дүние жоқ. Барлық тамақтану орындары ережелерді сақтай отыра жұмыс істей береді. Тек, мейрамхана, кафелер, асханалар жұмыс күндері адам сыйымдылығының 50%-ына дейін қызмет етеді. Қаулының негізгі мақсаты – адамдардың оқшаулануы. Осы ретте халыққа қызмет көрсететін кәсіпкерлік нысандар демалыс күндері жұмыс істемейді. Яғни бизнес еш жерде тоқтамайды. Бірақ шектеулерді сақтау тиіс. Кәсіпкерлердің сөзінше, тұрғындарға санитарлық ережелерге сай қызмет көрсетіледі. Ең бастысы халықтың денсаулығы. Онымен қоса, арнайы мониторингтік топтар барлығын бақылауға алады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕКСЕРУШІЛЕР КЕЛГЕНДЕ ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТТІ
18:06, 23 қыркүйек 2020
ТЕКСЕРУШІЛЕР КЕЛГЕНДЕ ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТТІ
Толығырақ...