ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІК МӘСЕЛЕСІ

17:37, 23 қыркүйек 2020

Өңір кәсіпкерлерін қандай мәселелер толғандырады? Олар карантин кезінде нендей кедергілерге тап болды? Бұл мәселелер "Атамекен" ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевпен онлайн-кездесу барысында  жан-жақты талқыланды. Жиын барысында кәсіпкерлер елде қалыптасқан жағдайға байланысты бизнес жүргізу барысында кездескен мәселелерді жіпке тізді. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, "СемАЗ" ЖШС Бас директоры Әсемхан Досқожанов машина жасау кәсіпорындары үшін өзекті мәселе жер қойнауын пайдаланушылар мен "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының сатып алу процесін жүргізу шаралары басты мәселе болып отырғанын атап өтті. Оның сөзіше  тапсырыс берушілер соңғы уақытта келісім-шар жасалғанымен сатып алатын тауар көлемін азайтып қана қоймай, одан мүлде бас тарта бастаған. Мұғалімдердің еңбекақысы  биылдан бастап 25% - ға артады. Осының салдарынан  жекеменшік оқу орындарынан білікті кадрлардың мемлекеттік оқу орындарына кетуі өзекті мәселеге айналды.Себебі, еңбек ақының өсуі тек мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне ғана қарастырылған, ал мемлекеттік тапсырыс алған жекеменшік иелері мамандарсыз қалған. Жиын барысында карантин мен локдаун салдарынан қызметі тұралап қалған нысандардың қызметін іске қосу мәселесі де қаралды. Онлайн-кездесу барысында еліміздің барлық аймағынан 150 астам ұсыныс түскен. Аталған ұсыныстарды Үкіметке жеткізуді  Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының орталық аппараты өз бақылауына алмақ.
 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар