ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН ЖЕҢІЛДІК

18:09, 2 қыркүйек 2020

«Шағын және орта бизнес күрделі кезеңді бастан кешуде. Пандемия салдары бизнес өкілдеріне соққы болды». Сол себепті, кәсіпкерліктің шаруасын шатқаяқтатпас үшін жеңілдіктер қарастыруды тоқтатпау керек,- деді Президент халыққа Жолдауында. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен секторларында несие бойынша жылдық 6 процентке дейін пайыздық мөлшерлемелерді мемлекеттік субсидиялауды қамтамасыз етуді тапсырды. Ел бойынша экономикалық ауыр кезең салдарын еңсеру үшін 700 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды. Төлемдер кейінге қалдырылды, жеңілдетілген шарттармен несиелерді қайта қаржыландыруға мүмкіндік берілді. Дегенмен, жағдай әлі де тұрақтала қойған жоқ. Сол себепті Президент мемлекет тарапынан субсидиялау туралы пәрмен берді. Бұл мақсатқа мемлекет қазынасынан қосымша 200 миллиард теңге бөлу көзделді.  Сондай-ақ, жыл соңына дейін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша шағын кәсіпкерлік үшін жалдау ақысын есептеуді тоқтата тұру тапсырылды. Президент бұл жолы шағын және орта бизнес үшін жыл соңына дейін бюджеттен тыс қорларға еңбекақы төлеуден аударымдарды алып тастау керектігін жеткізді. Біздің алдымызда ұқыпты келген жаңа бюджеттік саясатты әзірлеу міндеті тұр. Сондықтан тек басым бағыттар мен маңызды жобаларды қаржыландыру керек,- деді Мемлекет басшысы.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...