ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

Қауіпсіздік шараларын сақтау

18:14, 20 мамыр 2020

Облыс тұрғындары қалыпты өмір сүру жағдайына біртіндеп көшуде.  Таяуда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов карантин режимінің талаптары жеңілдетілгені туралы ресми мәлімдеме жасады. 16-мамырдан бастап аумағы 2000 шаршы метрден аспайтын сауда орындары, саябақтар мен мейрамханаларға және саяжайларға баруға рұқсат етілді. Бірақ қоғамдық орындарға барған әр азамат жеке қорғаныш заттарын қолданып, санитарлық талаптарды бұзбауы  шарт. Өскеменде кафе, мейрамханалар мен басқа да қоғамдық тамақтану орындары  біртіндеп ашыла бастады. Қазіргі уақытта жазғы алаңдары бар нысандар жұмыс істеп тұр. Онда әлеуметтік арақашықтықты сақтау негізінде бір уақытта 30 адамға дейін қабылдауға болады. Облыс орталығында құзырлы органдар тарапынан құрылған арнайы мобильді топ карантин режиміндегі санитарлық талаптардың орындалу барысын тексерді. Мобильді топ мекеме әкімшілігіне коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керектігін жіліктеп түсіндірді. Әлеуметтік қашықтықты сақтап,  бөлмені кестеге сәйкес дезинфекциялау, медициналық бетперде мен қолғап киюге ерекше назар аудару керек. Медициналық бетперде тағу режимін сақтауда бірқатар ескертулер бар. Сақтық шараларын сақтамау жағдайдың күрделенуіне әкелуі мүмкін және үлкен қауіп туғызады дейді арнайы құрылған мобильді топ қатысушылары.  Ескертуге құлақ аспай, санитарлық талап бірнеше рет бұзылған жағдайда нысан иелеріне айыппұл салынады.

Тақырып бойынша материалдар

Семейде бірқатар кәсіпкерлік нысандар қайта жұмысын бастайды
17:53, 29 мамыр 2020
Семейде бірқатар кәсіпкерлік нысандар қайта жұмысын бастайды...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар