ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ҚАЛАДАҒЫ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

14:30, 25 маусым 2020

Семейде көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сәйкес, биыл оған 725 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда Семейде гүл егу жұмыстары аяқталды. Көгалдарды суғарып, баптау қыркүйектің ортасына дейін жалғасады. Сонымен қатар Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу қарсаңында шаһардағы алаңдар мен саябақтарда көгалдар қалпына келтіріліп, 1383 түп ағаш көшеттері егіледі.

Биыл Семейде көгалдандыру жұмыстары 15 сәуірде басталған. Коммуналдық қызмет өкілдерінің айтуынша оның барысында 14 000 шаршы метр жерге гүлдер мен сәндік өсімдіктер егілген. 64 мың шаршы метр аумақта көгалдар қалпына келтіріліп, күтім жасалуда. Көгалдандыру, гүлзарларды суғару мен көшеттерді отырғызу бойынша жұмыстар жоспар бойынша жүргізіліп жатыр дейді, - коммуналдық мекеме өкілдері. Дегенмен қаланы көгалдандыру мен суғару жұмыстары тұрғындар тарапынан жиі сынға ұшырайды. Әсіресе қаланың кейбір аудандары мен ірі көшелердің бойын көгалдандыру сын көтермейді. Семейліктерді қаланың көркін келтіретін әсем гүлдердің кейінгі жылдары тым азайып кеткендігі мен жасыл желекке уақытылы күтім жасалмауы алаңдатады. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдері тиісті жұмыстардың жоспарланып, кестеге сай атқарылып жатқандығын айтады. Қазіргі таңда қалада Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу қарсаңында Абай және Мұхтар Әуезов алаңдары, жаңадан салынып жатқан мешіт аумағы абаттандырылуда. Тиісінше мұнда 1383 түп ағаш көшеттері егіліп, көгалдар төселмек. Қаржыландыру облыстар есебінен қарастырылған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
14:15, 2 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...