ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ИГІ БАСТАМА

18:07, 25 маусым 2020

Тарбағатай ауданының тұрғындары игі істің бастамашысы болды. Жомарт жандар жиналып, Ақсуат ауылында тұратын жалғызбасты жерлестеріне жаңа баспана салып берді. Сонымен қатар, бастама көтерген азаматтар туған жерлеріндегі тарихи орындарды абаттандыруды да қолға алды.

Гүлжанат Оспанова – Ақсуат ауылының тұрғыны. Өмірлік серігінің қайтыс болғанына да біраз жыл болған. Өзінің бұрыңғы үйіндегі тұрмыс ауыртпалығы жанына батса да, мойымауға тырысқан. Жалғызбасты жанның проблемасынан хабардан болған аудан тұрғындары  барынша көмектесуге тырысты.  Осылайша,  көпшіліктің атсалысуымен небәрі екі ай уақыт ішінде оған үй салып берді. Бүгінде баспанаға қолы жеткен Гүлжанат Оспанованың қуанышында шек жоқ. Сонымен қоса Ақсуат ауылындағы тұрғындар қолдауымен, ауыл сыртындағы ескі  молаларды  абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жылдар өте келе,  бұл жер қараусыз қала бастаған. Сондықтан да көпшілік ұйғарымымен айналасын қоршау туралы шешім қабылданған. Ендігі уақытта тарбағатайлықтар тағы да бір осындай көне орындардың біріне жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
14:15, 2 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...