ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫ

14:26, 1 қыркүйек 2020

Өңірімізде электронды еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеушілер көбейді. Былтыр 1636 адам порталдың көмегіне жүгінсе, ағымдағы жылдың 8 айында 1700-ге жуық жұмыссыз азамат түйіндемесін қалдырған. Дегенмен биыл портал арқылы жұмысқа орналасқандардың саны көңіл көншітпейді. Жұмыспен қамту орталығы мамандарының ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері 282 адам ғана екі қолға бір күрек тапқан. Қазіргі уақытта жұмыс берушілер Жұмыспен қамту орталықтарының көмегінсіз enbek.kz порталына кіру арқылы өзіне қажет кадрды таңдауына болады. Ал, жұмыс іздеушілер алысқа бармай-ақ, порталға тіркеліп, бос жұмыс орындарын көре алады. Ең бастысы электронды цифрлы қолтаңба болғаны абзал. Жұмыспен қамту орталығының статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, биыл портал арқылы жұмыс іздеген адамдардың саны жылдағыдан көп. Ағымдағы жылы сайтқа 1700-ге жуық адам түйіндемесін қалдырған. Өткен жылы өңірімізде электронды еңбек биржасы арқылы 1137 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жұмыс берушімен келісімшарт жасасқан. Бұл биылғы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Халықтың жұмыспен қамтылуына еліміздегі карантин мен шектеу шаралары да кері әсерін тигізгені анық. Дегенмен бүгінгі күні ENBEK.KZ сайтында 960-тан астам жұмыс беруші өз қызметін ұсынады. Биыл электронды еңбек биржасын қоспағанда жұмыспен қамту орталығы арқылы 1663 адам жұмысқа орналасқан. Бұдан бөлек 4469 уақытша жұмыс орындары ашылған. Оның ішінде 2 жарым мыңға жуық азамат жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы орналасты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...