ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

Бизнесті қорғау

18:07, 19 мамыр 2020

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары мен аймақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдері онлайн-брифинг өткізді. Брифинг барысында шағын және орта бизнес нысандарының құқықтары қалай қорғалуда және қазіргі жағдайға байланысты кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы баяндады. Кәсіпкерлер көтерген проблемалар мемлекеттік сатып алу, жер қатынастары, салық есептілігі, лицензиялау жүйесі және қағазбастылыққа қатысты. Төтенше жағдай кезінде 1000-нан астам адам осы мәселелер бойынша түсініктеме алу үшін, болмаса  көмек сұрап жергілікті  Кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес нысандарының  құқығын қорғау бойынша жұмыс жүргізуде. Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлер көптеген құқықтық мәселелерге тап болды. Осыған байланысты  түрлі сауалдар қойылды. Мәселен,   бақылау-өткізу пункттердегі шектеу, әлеуметтік төлемдердің түсуі мен  форс-мажор жағдайын растау, жалға алу жағдайына қатысты және де  салаға қатысты басқа да сұрақтар туындады.

Тақырып бойынша материалдар

Семейде бірқатар кәсіпкерлік нысандар қайта жұмысын бастайды
17:53, 29 мамыр 2020
Семейде бірқатар кәсіпкерлік нысандар қайта жұмысын бастайды...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар