ШҰҒЫЛ! БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

АУЫЛДАҒЫ КӘСІПКЕР АНАЛАР

14:36, 29 қыркүйек 2020

Облыс орталығында ауылдық жерде кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкер әйелдер форумы өтті. Онлайн форматта өткен жиын аймақтың дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген нәзік жандыларды бір арнаға тоғыстырды. Олар әріптестерімен жетістікке жету жолындағы тәжірибелерімен де бөлісті. Аймақта өз істерін бастап, кәсіпкерлікке бет бұрған аналар саны артып келеді. Жетістікке жеткен нәзік жандылар өзгеге де қол ұшын созып, бизнес жүргізуде бағыт бағдар беруге әзір.  Сондай-ақ аймақтағы аналар түрлі жобаларды жүзеге асыруда белсенділік танытып келеді. Ауыл шаруашылығы мен ауылдық жерлерді дамытуда нәзік жандылардың бастамалары қарқынды. Мемлекет тарапынан да түрлі қолдаулар көрсетілуде. Мәселен, «Бастау бизнес» жобасы кәсіпкерлік негіздерін үйретуді көздейді. Аймақта  ауылдық жерде бизнес бастауға ниет еткен аналарға қолдау көрсету мақсатында түрлі оқу семинарлары өткізіледі. Сонымен қатар, кәсіпкерлер өзара іскерлік қарым-қатынас орнатқан.  Өңірдегі іскер әйердер кеңесі мен ішкі саясат басқармасы мемлекеттік қолдауға қол жеткізудің жолдарын көрсетіп, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар