ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

10:43, 29 маусым 2020

Түрлі ғылыми зерттеулер жүргізілетін Ұлттық ядролық орталық Курчатов қаласында орналасқан. Шаһар жыл өткен сайын қарқынды дамып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа инфрақұрылым нысандары пайда болуда.

«Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы бағдарламасы аясында Курчатов қаласының кітапхана ғимарат шатыры ауыстырылды. Мұндағы қызметкерлерінің айтуынша,  бұл олар  үшін жылдар бойы шешімін таппай келген проблеманың бірі болатын. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталды. Пандус та ретке келтіріліп, ғимараттың жертөлесі де қайта қалпына келтірілуде. Жоба құны - 7 миллион 393 мың теңге. Сондай-ақ, Курчатовта өңірлерді дамытудың республикалық бағдарламасы аясында жаңа су жинағыш салу бойынша ірі жоба қолға алынды. Жобаның жалпы құны - 1 миллиард 800 миллион теңге. Ұзындығы 22 шақырым. Мемлекеттік бағдарламасы аясында 60 жұмыс орыны ашылды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
14:15, 2 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...