43 инвестициялық жоба жүзеге асып келеді

21:38, 8 тамыз 2017

Шығыс Қазақстанның аймақтық индустрияландыру картасына 960 млрд. теңгені құрайтын 79 жоба кіреді.

Бар жобалар сәтті жүзеге асса, 18 мың тұрақты жұмыс орындары құрылады. Биыл 79 жобаның қайсысы іске асады? Қанша инвестиция тартылып, қанша кісі еңбекпен қамтылмақ? Облыс әкімі Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде осындай өзекті мәселелер қаралды.

Аймақтың инвестициялық белсенділігі индустрияландыру картасында көрініс табады.  Жылда карта маңызды, даму болашағы жоғары жобалармен толығып тұрады.
Индустрияландыру картасында жоспарланған 79 жоба 2010 жылдан бастап біртіндеп жүзеге асуда. Биыл 400 млрд.теңгелік 9 жоба пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 2000 тұрақты жұмыс орны құрылады. Жалпы 2010-2017 жылдар аралығында  агроөнеркәсіп, өндірістік, ауыл шаруашылық, өндеу өнеркәсібі секторында 43 жоба іске асты. 6 мың тұрғын еңбекпен қамтылды. Алайда өңір басшысының бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, аталмыш бағдарлама толықтыруларды талап етеді. Өйткені, кейбір аудандарда бірде-бір жоба қарастырылмаған.

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨСКЕМЕНДЕ ТӨМЕН БАЙЫТЫЛҒАН УРАН БАНКІ АШЫЛДЫ
21:48, 29 тамыз 2017
ӨСКЕМЕНДЕ ТӨМЕН БАЙЫТЫЛҒАН УРАН БАНКІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
Шығыс Қазақстан - республикада сүт өндіру жөнінен алдыңғы қатарда
21:28, 2 тамыз 2017
Шығыс Қазақстан - республикада сүт өндіру жөнінен алдыңғы қа...
Толығырақ...
Шығыс Қазақстан аумағында 3 индустриалды аймақ бар
21:52, 28 маусым 2017
Шығыс Қазақстан аумағында 3 индустриалды аймақ бар
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар