ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

17:38, 24 қыркүйек 2020

Абай – әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Қазақ топырағынан шыққан ақынның атын жаһан жұртына таныту – кейінгі ұрпақ борышы. Хәкімнің құрметіне төрткүл дүниенің бірқатар елдері ескерткіш қойып, көше атауларын беруде. Жуықта Литва астанасы Вильнюс қаласында Абай атындағы оқу залы жұмысын бастады. Рухани орда Адам Мицкевич атындағы қоғамдық кітапхана ғимаратында «Абай жинағы» атауымен салтанатты түрде ашылды.

Қазақтың біртуар тұлғасының құрметіне оқу залының Вильнюс қаласында ашылуы тегін емес. Ғалымдар Абай Құнанбайұлы Литваға танымал ақынның шығармаларын ана тіліне аударған алғашқы шығыс ақыны екенін айтады. Заманында әлемнің озық әдеби шығармаларын қазаққа танытқан Абайдың аты бүгінде әлемдік деңгейде шарықтауы маңызды. Ашылған оқу залы осы пікірдің айғағы.  «Абай жинағы» оқу залының ашылу салтанатына қатысушылар «бұл тек Литвадағы ғана емес, бүкіл Балтық өңіріндегі қазақ мәдениетінің орталығы» деп баға берді. Оқу залын ашуға дайындық барысында Вильнюс кітапханасы мен Қазақстандағы ең көне кітапхана саналатын Абай атындағы ШҚО әмбебап кітапханасы арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалған. Жыл соңына дейін мұнда литва тілінде жарық көрген Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы және Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романының тұсаукесерін өткізу жоспарланған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...