ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

Ұлттық құндылықты дәріптеу

17:06, 20 мамыр 2020

Рухани жаңғырудың негізі - халықтың, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар.  Елбасы мақалада «жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу».  Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайтынын атап өткен болатын. Ал дәл осы ұлттық мәдениетті сақтау, өскелең ұрпақтың бойына сіңіру аға буынның алдында тұрған міндет. Өз еліңнің патриоты болу кіші Отанға деген махаббаттан бастау алады. Ал жас ұрпақты туған жерге тағзым етуді көздейтін дүние ол - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы. Аталған бағдарламада өз отанын сүйетін жанның қандай қасиеттерге ие болу керектігі нақты айтылған. Ал кіші Отанына деген махаббаты шексіз ұрпақ тәрбиелесек,  еңбегін қаладан емес, ауылдан іздейтін, туған жерін дамытуға асығатын буын тәрбиелеп шығатынымыз күмәнсіз. - дейді ұстаздар.  Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ауданда этноауыл үлгісі жасалды. Мектеп ауласынан орын тепкен қазақ үйінің жанында салт-дәстүрді дәріптейтін қойылымдар мен түрлі мерекелік шаралар өткізіледі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар