ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗІРГІ АХУАЛ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҰЛЫҚТАҒАН

18:35, 27 қазан 2020

Облыста ұлттық дәстүрді ұлықтаған жандар бар. Солардың бірі – Шығыстың тумасы, Қасым Қайсенов кентінің тұрғыны Амангелді Смағұлов. Дәстүрлі әннің көрігін қыздырған ол домбыра жасаумен да айналысады. Бүгінде шебердің қолөнер бұйымдарына Қазақстанның түкпір-түкпірінен сұраныс көп. Бала күнінен ағаш жонып, бұйым жасауға әуес болған Амангелді Смағұловтың бойына атасынан дарыған қасиет бар. Атасы Салих дәстүрді бек ұстанған, бес уақыт намазын қаза қылмаған жан болған. 11 жасында жасаған алғашқы туындысы әлі күнге есінде.  Жоқтан барды құрап, ағашты үңгіп, бетіне үнді шәйының жәшігінің фанерін шегелеп домбыра жасайды. Ержете келе құрылыста ағаш шебері болып жұмыс істейді. Тіпті Алматы төрінен бұйырып тұрған пәтерден де өнер үшін бас тартып,  дәстүрлі өнерге бет бұрады. Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтің ұжымына  қабылданады.  Тіпті гастрольдік сапарында да қолына ағаш жонатын заттарын тастамаған. Қолы қалт етсе болды, домбыра жасаумен айналысыпты. Шығыстың шеберлері десе Амангелді Смағұловты айтамыз. Ағашқа жан бітірген шебердің домбырасына Қазақстанның түкпір-түкпірінен сұраныс көп. Ал шебердің мақсаты – ұлттық өнерді өлтірмейтін шәкірт тәрбиелеу.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...