ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗІРГІ АХУАЛ Толығырақ

ТУЫҢ ТҰРСЫН ТӨБЕҢДЕ

17:31, 29 қазан 2020

Ту – кез келген мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығын айғақтайтын қастерлі дүние. Көк байрақ – қазақтың елдігінің, еркіндігінің көрінісі. Алайда соңғы кездері қасиетті жәдігерге қатысты келеңсіз жәйттердің жиілеп кеткені көңілді алаңдатады. Жақында бұл мәселеге Мемлекет басшысы да назар аударып, өз пікірін білдірді.    Президент мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы ұсынысты қолдайтынын жеткізді. Қолданыстағы заңнамада туды пайдалануға қатысты шектеулер барын,  пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына  ілуге тыйым салынғанын айтты. Сол себепті заңнамалық және нормативтік актілерді, яғни, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет. Ел намысы таразыға түсер байрақты бәсекелерде, елдігіміз сыналар  сындарлы шақтарда күн астында қыран қалықтаған аспан түстес ту тек мереке күндері ғана еске түсетіні жасырын емес. Ал басқа елдерде қалай? Ал, бұған қала тұрғындары не дейді? Пікірін тыңдап көрелік. Туға құрмет – елге құрмет. Байрағымызды бағалайық.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...