ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР ТАҒАТСЫЗДАНА КҮТКЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ

14:02, 16 қыркүйек 2020

Глубокое ауданының орталығы Глубокое кентінде осы өңірдің тұрғындары сан жыл бойы тағатсыздана Мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын. Жергілікті өнерпаздар мен жұртшылықтың сұранысына сай жаңадан бөй көтерген ғимарат қашан пайдалануға беріледі?

Жыл өткен сайын кент аумағы жаңа нысандармен толығып келеді. Әсіресе тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына көбірек көңіл бөлінуде. Сондай нысандардың бірі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа мәдениет үйі.  Бұған дейін он мыңнан астам тұрғыны бар кентте мәдениет үйі жоқ болатын. Сол себепті осы уақытқа дейін аудандағы өнер майталмандары балалар шығармашылық үйінде өнер көрсетіп жүрген. Қазір көлемі 1600 шаршы метр, сыйымдылығы 470 орындық жаңам ғимарат өнерпаздар мен тұрғындарды қабылдауға дайындық үстінде.

Қазіргі таңда нысанның іргетасы нықтап қаланып, кірпіш қалау жұмыстары мәресіне жеткен. Сонымен бірге төбе шатыры жабылып, мәдениет ошағының келбетін ашатын терезелер де орналастырылған. Жаңа нысанда 300 орындық көрермен залы, кітапхана, үйірме, хореография залдары бар. Глубокое ауданында биыл мәдениет үйлерін ретке келтіруге жалпы соммасы 80 млн.теңге қаржы қарастырылған. Жөндеуден өткен нысанның қатарында Кожохово ауылындағы мәдениет үйі де бар. Аталған нысан 12 жылдан бері жөндеу көрмеген. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мәдениет ошағы жаңа кейіпке енді. Бөлінген қаражатқа мәдениет үйінің есік-терезесі де алмастырылған. 300 орындық көрермен залы өнер сүйер қауымды қабылдауға әзір. Сондай-ақ мұндағы хареография залы да ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар