ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

ТІЛДЕР КҮНІ ӨТТІ

14:12, 7 қыркүйек 2020

Бүгінде облысымызда жүзден астам этнос өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Олардың өз мәдениетін сақтап, ана тілдерін оқып-үйренулеріне жағдай жасалған. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мамандарының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі атап өтілді. ZOOM платформасы арқылы «Отанымыз ортақ, тіліміз түрлі, тілегіміз бір» тақырыбында онлайн шара ұйымдастырылды.

Шараға облыстың аудан, қалаларындағы этномәдени бірлестік өкілдері, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен мамандары қатысты. Ұлан ауданынан онлайн байланысқа шыққан орыс этномәдени бірлестік мүшесі Анжелика Федотова жерлестерін мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Басқарма басшысының айтуынша, еліміздегі тіл саясатының түпкі мақсаты – ел бірлігі, халықтар достығының мызғымастығын паш ету. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы  топтастырушылық рөлін арттыру. «Отанымыз ортақ, тіліміз түрлі, тілегіміз бір» онлайн шарасы барысында Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ, орыс филологиясы және журналистикасы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Сәкен Қасенов, «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков, «Казцинк» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі әкімшілік мәселелер жөніндегі басқармасының бас мемлекеттік тіл аудармашысы Жұмағазы  Игісінов Шығыс Қазақстан облысының Грамотасымен марапатталды. Қазіргі таңда облыста 14 Достық үйі, 115 этномәдени бірлестік бар. Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі жұмыс істейді.

Өңірдің аудан, қалаларында ұйымдастырылған этнос тілдерін оқыту үйірмелерінде 587 өзге ұлт өкілдері өз ана тілдерін оқып, үйренуде. Айтып кетейік, 2017 жылдан бері қазақстандықтар жыл сайын қазақ әліпбиінің негізін салған ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнінде Тілдер мерекесін атап өтеді.

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАР ТАҒАТСЫЗДАНА КҮТКЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ
14:02, 16 қыркүйек 2020
ТҰРҒЫНДАР ТАҒАТСЫЗДАНА КҮТКЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар