ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

ТІСПЕН САЛЫНҒАН ТУЫНДЫ

17:24, 14 қазан 2020

Өскемендегі балабақшалардың біріне ерекше туынды сыйға тартылды. Мектеп дейінгі білім беру орнының ұжымы бағалы картинаны алғандарына дән риза. Жақында әлеуметтік желіде қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіков өз картиналарының бірін саудалағандығын, оны Мәскеуде тұратын қазақстандық кәсіпкер сатып алғанғандығын хабарлаған болатын. Кәсіпкер ерекше туындыны Өскеменге сыйға тартуды жөн көріпті. Суретте шабындықта жайылып жүрген сиыр мен бұзау бейнеленген. Суретші бұл тамаша туындыны сату туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған.  Еліміздің кең байтақ жері мен табиғатының сұлулығын көрсететін баға жетпес картина  балабақша тәрбиеленушілері мен қызметкерлерін қуантуда. Картина авторы халықаралық антиядролық қозғалыстың белсендісі. Кәріпбек Күйіков суреттерін ерін мен саусақтарының көмегімен салады. Оның ата-анасы Семей ядролық полигонындағы сынақтар кезінде зардап шеккен.  Радиациялық сәулелену нәтижесінде суретші қолсыз дүниеге келген. Алайда ол қайсар мінезі мен ерік жігерінің арқасында қиындықтарға қарсы тұрып, биік белестерді бағындырып келеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар