ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ТАРБАҒАТАЙДАҒЫ «ТАМШЫ» ТЕАТРЫ

13:37, 13 қараша 2020

Тарбағатай ауданында «Тамшы» деген таланттар ұжымы бар. Қазақстанда кенже қалған балалар театрын жандандырып, шалғай ауылдағы өнерлі өрендердің басын бір арнаға тоғыстырған орта. Ақсуат ауылында ашылған «Тамшы» балалар театры, міне, бір жылдан бері көрермендердің көзайымына айналды. Талабы таудай мына балғындар бір жылдың ішінде сахнаға әбден төселіп, жергілікті өнер сүйер ағайынның ыстық ықыласына бөленіп үлгерді. Әрқайсысының талантын ұштап, жаңа қырын ашуға көмектесіп жүрген елге белгілі актер әрі режиссер Бейбіт Құсанбаев. Шалғай ауылдағы балалар театрының негізін қалаған да осы кісі. Мәдениет саласының үздігі елордадағы мансабын ауыл бүлдіршіндерінің шамшырағын жағуға алмастырған. Қазір жүректері өнер деп соққан балғындарды сахна тіліне баулып, алыптардың тағылымын жеткіншектер бойына сіңіріп жүр. Балалар кәсіби актерлерден еш кем түспейді. Керісінше, көрермендерін шынайылығымен баураған. Қоржындары үнемі тың дүниемен толығу үстінде. Ақсуаттың жас жұлдыздары әлі талай белестерді бағындыруға бел буған. Байқауларда бақ сынап, талантымен кәсіби мамандардың өздерін тәнті етуде.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...