ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ

12:57, 14 қазан 2020

Ұлттық құндылықтарымыздың бірі, һәм бірегейі – қолөнер. Шынайы шебердің қолынан шыққан бұйымдар салт-сана, әдет-ғұрыппен біте қайнасып, қазақ халқының дүниетанымын айғақтайды. Бүгінде ұлттың байырғы мұрасы қайта жаңғырып, жаңару үстінде. Оны кең көлемде насихаттауға үлес қосып жүргендердің бірі – семейлік Нағым Омарғалиева. Нағым Солтанбекқызы – Жарма өңірінің тумасы. Қолөнерге бала кезден құмар болады. Ауылда киіз басып, алаша тоқудың қыр-сырын біліп, көріп өседі. Қолөнер шебері ауылда тұрып, түрлі салада еңбек етеді. Отағасымен бірге 8 бала өсіріп, тәрбиелеп ел қатарына қосады. «Алтын алқа» иегерінің ұрпақтары түрлі салада қызмет етуде. Немере-шөбере сүйіп отырған бақытты әже. Нағым Омарғалиева қалаға көшіп келгеннен кейін де қарап отырмай, қолөнерді дамытуға атсалысып жүр. Сексеннің сеңгіріне аяқ басса да, көңілі қалаған іспен айналысады. Нағым Солтанбекқызы 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық ЭКСПО көрмесінде ұлттық нақыштағы бұйымдарды көпшілік назарына ұсынған. Қолөнер шебері қазір ұлттық қолөнер бұйымдарына деген сұраныстың артқанын айтады. Нағым әжейдің қолынан шыққан сырмақ, алаша, тұскиіз бен құрақ көрпе, кестеленген жастық көздің жауын алады. Жасаған бұйымдарымды көбіне қыз жасауына, туыстар мен таныстарыма сыйлық ретінде беремін,- дейді ол. Нағым Омарғалиева еліміздің Дизайнерлер Одағының мүшесі. Зейнеткер өмір өткелдері мен шежіре туралы бірнеше кітаптың авторы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар