ЩҚО-да «Алып Алтай» фестивалі өтті

21:25, 21 тамыз 2017

Алтай тауларының бөктерінде өткен спорттық жарыс 12 тамыз күні Өскемен қаласынан бастау алды.

Спорттық іс-шара 4 елдің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, туризм саласын дамытуға арналды. «Алып Алтай» фестиваліне жылдағыдай Қазақстан, Қытай, Ресей, Моңғолия бір-бірімен көршілес мемлекеттер қатысты.

Фестивальге 300-ге жуық спортшы қатысты. Барлығы да өз ісінің шебері. Катонқарағай, Зырян аудандарында өткен  бұл жарыстарда Қазақстанның намысын қорғаған жерлестеріміз  бар күш-жігерін салды. Бірі су бетінде сынға түссе, енді бірі әуеде парапланмен ұшып, жұртшылықтың назарын өздеріне аударды. Қазақстандық Шышаевтар отбасы  «Алып Алтай» фестиваліне алғаш рет қатысып отыр. Парапланда өнер көрсеткен  олар өзге елдің спортшыларына дес бермеді.  Сондықтан нәтижесі де жаман емес.
Өткен жылы «Алып Алтайды» Моңғолия ұйымдастырса, келесі жылы фестиваль Қытайда өтеді деп күтілуде. Осы жолғы  бағдарламада парапланмен ұшу, альпинизм, велотуризм, рафтинг, жартасқа өрмелеу, балық аулау және ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар өткізілді. Айта кеткен орынды, биыл алғаш рет спорттық бағдарламаға қазақша күрес, бұқа-тартыс және қол күресі енгізілді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Өскемен тұрғыны көк гүлдердің ең үлкен коллекциясын жинады
14:27, 6 желтоқсан 2017
Өскемен тұрғыны көк гүлдердің ең үлкен коллекциясын жинады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар