ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Саябақтар ашылды

17:35, 4 маусым 2020

Облыс орталығында қалалық саябақтар өз жұмысын бастады. Келушілерге есігін айқара ашқан демалыс орындарына отбасымен серуен құруға рұқсат берілді. Алайда бекітілген талап та жоқ емес. Бастысы санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс. Жаз отбасылық демалыстардың қызитын шағы. Ал қала тұрғындары жанұялық серуенді саябақтарда құратыны аян. Облыста крантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңмен алу бастамасы қолға алынғалы қоғамдық орындар қалыпты жұмыс режиміне кірісе бастады. Осылайша, қаладағы үлкен саябақтар өз жұмысына кірісті. Ортақ талап, ереже де бекітілді.  Жыл сайын қаладағы саябақтар тексерістен өткізіледі. Қауіпсіздік талаптары сақталып,  сыннан сүрінбеген демалыс орындары өз қызметтеріне кірісті. Отбасылық демалысқа келуге шектеу жоқ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар