ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

САҚ ПАТШАСЫНЫҢ ҚҰНДЫ ЗАТТАРЫ ТАБЫЛДЫ

13:59, 4 қыркүйек 2020

Тарбағатай жерінен аса құнды археологиялық олжа табылды. Елеке сазында мамырдан бері жұмыс істеп жатқан археологтар бұрын-соңды кездестірмеген бірегей жәдігерлерге кенелді. Жұмыс тобының жетекшісі танымал археолог  Әбдеш Төлеубаев бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде БАҚ өкілдеріне табылған таңқаларлық құнды олжа туралы баяндап берді. Тасын түртсең тарихтан сыр шертетін Шығыс жерінде Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің археолог ғалымдары 2016 жылдан бері зерттеумен айналысып келеді. Жыл сайын жаңа жәдігерлерді көпшілікке таныстыруда. Бұл жолы табылған дүниелердің бірегейлігі соншалық, бұрын табылған археологиялық заттарға еш ұқсамайды. Әрқайсысы ерекше. Таныстырылған тарихи заттардың саны 850-ден асады. Барлығы бір қорымнан шыққан. Тіні қоладан жасалып, алтынмен қапталған ат-әбзелдің әшекейлері - ақыреттік бұйымдар. Металлды қолдану техникасы да бір-біріне ұқсамайды. Бұған дейін табылған жәдігерлермен салыстырғанда жасалуы күрделірек. Алтынның қапталуы қалың. Осы ерекшеліктерді сараптай келе археолог Әбдеш Төлеубаев бұл жәдігерлер б.з.д 4-5 ғасырда патшаға сыйға тартылған заттар деп топшылайды. Осынау олжа табылған қорымнан 50 метр жерде металлургиялық шеберхана орны табылды. Заттардың жасалу өнеріне зер салған ғалымдар скиф кезеңінің кейінгі үлгісіне ұқсайтынын айтады. Әшекейлердің көбінен мысық тұқымдас мифологиялық аң бейнелерін байқауға болады. Табылған құнды жәдігерлерге алдағы уақытта ғылыми зерттеу жүргізіледі. Келер жылдың көктемінде Кембриджде ашылатын көрмеге дәл осы заттарды көпшіліктің назарына ұсыну көзделген. Ал Елекесазындағы зерттеу әлі де жалғасын таппақ. Әбдеш Төлеубаевтың сөзінше ғалымдар келешекте бұдан да бай олжаны табуы мүмкін.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...