Өскеменде «Балалық шаққа саяхат» атты көрме ашылды

Қойылымға Шығыс Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерінің үздік шеберлері жасаған 150-ден астам ойыншық тізілген.

21:11, 14 шілде 2017   91

Бұл көрме нағыз балалар ойыншықтарының патшалығы іспеттес. Қоғадан өрілген әтеш, жылқы, шабандоздар және, ағаш пен матадан сондай-ақ,  папье-маше техникасымен жасалған сан түрлі мультфильм кейіпкерлері көздің жауын алады. Көрмеге қойылған туындылардың дені сәндік-қолданбалы өнер шебері Татьяна Перетокинаның қолынан шыққан. Ол матадан және папье-маше тәсілін пайдалану арқылы қуыршақтар жасайды. Көрмеде, сонымен қатар, тастан жасалған ерекше ойыншықтар да бар.

 

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24