ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ОРАЛХАН БӨКЕЙ КІТАПХАНАСЫ ӨЗГЕШЕ КЕЙІПКЕ ЕНДІ

17:17, 29 қыркүйек 2020

Облыс орталығындағы Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана күрделі жөндеуден өтті. Бұған дейін ғимараттың төбесінен су ағып, кітапхана қызметкерлері әбігерге түскен еді. Жаңғыртылған кітапхана оқырмандарын қабылдауға әзір. Оралхан Бөкей атындағы кітапхана күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін өз жұмысын бастады. Жаңа кейіпке енген нысанда бірнеше тақырыпты қамтитын залдар ашылды. Әр жастағы оқырманның сұранысын қанағаттандыруға толық мүмкіндігі  бар.  Ғимараттағы жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асқан. Құрылыс жұмыстары жүргізілгенге дейін кітапхана ұжымы қызмет барысында бірнеше кедергіге тап болған. Себебі, төбеден су ағып, қордағы кітаптарға да залалын тигізген. Игі бастаманың қолға алынуымен аталған мәселелердің бәрі артта қалды дейді рухани орда ұжымы. Атқарылған жұмыстар тек мұнымен шектелмеген, ғимараттың терезесі мен едені де алмастырылды. Оқырмандар үшін электронды форматта да ақпараттар ұсынылған. Кітапхана ұжымы арнайы сайтта ашқан. Ол жерде «Алтайдың кербұғысы» атанған Оралхан Бөкейдің шығармалары орыс және ағылшын тілдеріне аударылған. Жаңа кейіпке енген кітапханада түрлі үйірмелерде жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар  жоспарға сәйкес аймақтағы жас ақындар мен әдебиет сүйер қауымды қолдауға бағытталған шаралар да өткізілмек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар