ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗІРГІ АХУАЛ Толығырақ

ОЙШІЛІККЕ ОЙШЫЛДЫҢ МҮСІНІ ҚОЙЫЛДЫ

18:18, 19 қазан 2020

Тарбағатай ауданының Ойшілік ауылында тағылымды өтті. Жиналған жұртшылық бір емес, бірнеше игі шараның куәсі болды. Демеушілер көмегімен халыққа тарту етілген нысандар салтанатты түрде ашылды. Кешенді шаралар «Туған жерге тағзым» акциясы аясындағы «Ойшілік – жұмақ мекенім»  жобасы шеңберінде жүзеге асты. Жиналған қауым ең алдымен Ойшілік ауылына кіреберісте орнатылған әсем безендірілген қақпаны тамашалады. Ауыл халқы қуанышын бөлісуге келген барша жұртқа құшағын жайып, қуана қарсы алды. Қуанышты жаңалық, бұл күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ауылда һәкімнің бюсті ашылды. Мүсін Ойшілік ауылының тумасы Қайнар Дүйсенов демеушілігімен, арнайы тапсырыспен жасалған. Өз тұғырына қонған бұл ескерткіштің өзіндік ерекшелігі бар. Ауылдың ішінде тал, терек сияқты түрлі ағаштар өсетін, 1968 жылы салынған «Жастар» саябағы бар. Ойшіліктегі игі шаралар легі осымен аяқталмады. Ауылда Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлер құрметіне мемориалды ескерткіш бой көтерді. Онда майданға қатысқан 250 ардагердің аты-жөні жазылған. Туындыға демеушілік жасаған аудандағы белгілі  кәсіпкер Қайрат Қожахметов. Ойшілік ауылдық округіне қарасты алты ауыл бар. Елдің береке-бірлігі мен ынтымағының арқасында халықтың әлеуметтік-мәдени мәселелері біртіндеп шешімін табуда.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...