ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ. САН МЕН САПА

15:45, 28 қыркүйек 2020

Шығыстың мемлекеттік тілді жетік білмейтін атқамінерлері қазақ тілін оқуға жаппай бет бұрған. Сондай-ақ, мемлекеттік тіл байқауына қатысқысы келетін үміткерлердің тілді білу деңгейі де артқан.  Тағы бір тіл байқауы. Мақсат біреу-ақ – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Шара онлайн түрде өткізілді. Байқауға қатысушылардың тілді білу деңгейі жоғары. Саны да артып келеді. Өз ойларын анық, нақты әрі, сауатты жеткізеді. Жыл сайын өтетін дәстүрлі байқауға бұл жолы тоғыз адам қатысты. Әр ауданның бетке ұстар тілді жетік меңгерген деген өзге ұлт өкілдері. Шығыстағы тілдің қамын жеген бір ғана мекеме облыстық тіл басқармасы аймақта мемлекеттік тілдің мәртебесі биік болады дейді. Шығыста мемлекеттік тілге үйрету тіл мамандары үшін мұзды сеңді бұзғанмен тең. Тамшы судың тасты да қақ бөлетінін ескерсек, санаулы маманы бар облыстық тіл басқармасының да аймақты қазақша сайрататынына сеніміміз мол.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...