ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

МӘДЕНИ НЫСАНДАР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ

13:30, 25 қыркүйек 2020

Глубокое ауданында ешқашан жөнделмеген нысандар қалыпқа келтірілуде. Биыл ауданның мәдениет үйлерін жөндеуге 80 млн теңге бөлінген. "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражат жылдар бойы жөндеу көрмеген бірқатар ауылдық мәдениет үйлері мен кітапханаларды толығымен жаңартуға мүмкіндік берді. Веселовка ауылындағы осынау мәдениет үйін жаңғырту мамыр айында басталған-ды. Бүгінден ғимараттың іші толықтай жөнделіп, есік-терезелері түгелдей жаңарды. Көрермендер залындағы фойе мен кітапханаға аспалы төбе орнатылды. Бет әрлейтін дайындық бөлмесі де әрлене түскен. Ауылдық мәдениет үйінде бұған дейін мұндай ауқымды жұмыс жүргізілмепті. Ал бұл ғимараттың ірге тасы сонау 1905 жылы қаланыпты. Тарихи-сәулет ескерткіштер қатарын толықтырған нысан республикалық реестрде тіркеуде. Кезінде мұнда Быков есімді бай көпес тұрған. Кейіннен ғимарат мектеп ретінде пайдаланылып, аудандық партия, "Огни Прииртышья"газетінің редакциясы да болды. 1974 жылдан бастап ғимарат кітапханаға айналды. Осынау тарихи нысан талай жылдар бойы жөндеуді қажет етті. Бұл нысан Предгорное ауылындағы мәдени өмірдің ошағы. Жергілікті жұрттың сүйікті мекені, тұрғындар үшін негізгі демалыс орны да осы ғимарат. Көненің көзіндей тарихи жәдігерлерді жинауға кітапхана қызметкерлерінен бөлек ауыл азаматтары да белсене ат салысады. Мәселен, ескі шамдар, шойын үтіктер, тіпті аяқ-киім... Мұның бәрін жергілікті тұрғындар кітапхана бөлмелерін ерекше етіп безендіру үшін арнайы  әкелген. Осылайша Глубокое ауданында бүгінде 10 мәдени-демалыс мекемелері толықтай жөндеуден өтті. Жыл соңына дейін тағы бірнеше нысанға күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...