Қылқалам шерткен сұлулық әлемі

21:50, 16 наурыз 2017

Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері мұражайы қорынан алынған көркемөнер туындыларының көрмесі Өскеменде ашылды.

Көрмеде авангардтан бастап классикаға дейінгі аралықтағы түрлі стильде жазылған 39 картина орналыстырылды. Қылқаламнан туған картиналарда түрлі кейіпкерлер бейнеленген. Мәселен, еңбектегі озат  әйелдер, тракторшылар, сауыншылар, актрисалар және балериналардың бейнелері. Суретші Елена Афанасьева бірнеше сағат бойы қалыпта тұрған адамдардың портретін жазуды ұнатпаған. Керісінше, театр қойылымдарында өнер көрсетіп жүрген танымал өнер қайраткерлерінің образын кенепке түсірген.

Көрмеге қойылған картиналардың көбін өскемендіктер алғаш рет көреді. Көркем өнер туындыларын 10 мамырға дейін тамашалауға болады.

Тақырып бойынша материалдар

 «ТАРБАҒАТАЙ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН ФЕСТИВАЛІ
21:52, 2 қазан 2017
«ТАРБАҒАТАЙ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН ФЕСТИВАЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
14:45, 18 қазан 2017
Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
Толығырақ...