Күрделі жөндеуді қажет етеді

21:16, 9 тамыз 2017

Үржар ауданындағы Қабанбай ауылы тұрғындары 23 жыл бойы бос тұрған мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, халық игілігіне беруді өтінеді.

Кезінде аудан халқының сүйікті демалыс орны болған нысан 1994 жылдан бері қараусыз қалған. Ауылдықтардың өтінішіне құлақ асқан аймақ басшысы Даниал Ахметов  аталған нысанға барып, ғимараттың қазіргі күйімен танысты.

23 жыл бұрын істен шыққан мына ғимараттың бүгінде құр қаңқасы қалып, тоз-тозы шығып, бос тұр. Қабырғалары қаңырап, едендері қисайып, күрделі жөндеуді қажет етеді.  Кезінде ауылдағы жалғыз мәдениет орны болған нысанда шағын спорт алаңы, сахна, кітапхана, тіпті мұражайы жұмыс істеп тұрған. Аудан ақсақалдарының жанына бататыны да осы - ауыл балалары мен жасөспірімдердің спортпен шұғылданып, мәдени демалуына мүмкіндік жоқ.

 

Тақырып бойынша материалдар

 «ТАРБАҒАТАЙ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН ФЕСТИВАЛІ
21:52, 2 қазан 2017
«ТАРБАҒАТАЙ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН ФЕСТИВАЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар