ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

Діни нысандар жұмысы жанданды

13:35, 18 мамыр 2020

Елдегі төтенше жағдай режимі алынып, адамдар бұрынғыдан қарағанда еркін-жүріп тұруға мүмкіндік алды. Әрине, санитарлық талаптарды ескере отыра. Өскемендегі Андреев кафедралды соборы да өз мінәжәт етушілеріне есігін ашты. Таң ата шіркеу алдына қала тұрғындары жинала бастады. Көптен бері қасиетті орынның есігін аттамаған жұртшылық толқыныспен, қуанышпен келе жатқандай. Түрлі жастағы адамдар. Бірақ, барлығының тілегі бір. Құдайға құлшылық жасап, бойы мен жүрегін тазарту. Төтенше жағдай режимі енді алынғанымен бұл орынға келген адамдардың қарасы мол. Себебі, күнделікті күйбең тірліктен бір уақыт арылып, тұрғындар осы жерде тыныштық таппақ. Соборға жиі келетіндердің қатарында Ольга Анищенко. Оның сөзінше, үйдегі діни рәсімдерді атқару мен шіркеудегі қызмет екі бөлек. Айта кету керек, қаладағы мешіттер мен шіркеулер өз қызметін атқаруда. Алайда санитарлық-дезинфекциялық шаралар қатаң бақылануы тиіс.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар